Ауыл

Аралтоғай ауылдық округінің тұрғыны Қыдырбек Ибрашев ауылдастарымен бірлесіп «Мансур и КА» ӘКК ауыл шаруашылығы кооперативін құрып, «Ауыл аманаты» жобасы арқылы жеңілдетілген қарыз алды

Шаруалар көктемде 27 миллион теңге сомасына 7 гектардай жерге жеміс-жидек пен көкөніс егеді. 3 гектар жерге егілген қарбызды аралтоғайлықтар маусым айынан бастап жинап, Әйтеке би ауданындағы базарларында сатып, мол табысқа кенелуде. Жалпы жиналған қарбыздың көлемі – 200 тонна.

«Халықты осындай кәсіп ашуға шақырамын. «Ауыл аманаты» – тиімді жоба. Қорықпай, қаржыны алып, кәсіпті дөңгелетуге кең мүмкіндік бар. Қолдаған облыс басшылығына, барлығына рахметімді айтамын. Келесі жылы жерімді кеңейтуді жоспарлап отырмыз», – дейді кәсіпкер Қыдырбек Ибрашев.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button