Ауыл

Қобдадағы келелі істер

«Ауыл аманаты — бабалар аманаты» экспедициясы Қобда ауданын аралады.

Облыс орталығына жақын ауданның бірі — Қобда. Өңір шаруашылықтың кез келген түрімен айналысуға қолайлы. «Ауыл аманаты» бағдарламасына аудан халқы белсенді қатысып жатыр. Аудан бойынша 109 жоба мақұлданса, оның 54-не несие берілген. Қаржы қолына тиген тұрғындар кәсібін бастап кетіпті.

Экспедиция мүшелері Бұлақ ауылдық округіне қарасты Әлия, Талдысай ауылдары мен аудан орталығындағы несие алған азаматтардың шаруашылықтарын көрді. Бірі құс өсірсе, енді бірі бірнеше гектар жерге бау-бақша егіп жатыр. Кілем тоқуды қолға алғандар да бар. Шаруалар бағдарламаның ауыл халқы үшін өте тиімді екенін айтты. Себебі несиенің пайызы аз әрі бизнесіңді ТҮЗЕП алғанша, яғни бір жылға дейін демалыс беріледі.

Кездесуде «Ақтөбе» ӘКК басқармасы төрағасының орынбасары Ашур Алмасов бағдарлама туралы атып, тұрғындардың көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Философия ғылымының докторы, профессор Алтай Тайжанов экономикасын дамытуда ауылға жағдай жасаудың маңызы зор екенін айтып, кәсіп бастаған азаматтарға сәттілік тіледі.

Сапар барысында «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин кәсіп иелерін серіктестік атынан марапаттады.

(Материалдың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар).

Кәмшат ҚОПАЕВА

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button