Ауыл

Үш қожалыққа электр желісі тартылады

Аудан аумағында орналасқан үш шаруа қожалығы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында электр желісімен қамтамасыз етілмек. Аталған жұмыстарға бюджеттен 158 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген.

Жұрын ауылындағы «Береке Ж», Ақкемер ауылындағы «Мирнурбек», Қаракөл ауылындағы «Берекет», Мұғалжар ауылындағы «Заря» шаруа қожалықтары мемлекеттік бағдарламаның арқасында 10 кв электр желісімен жабдықталмақ.
— Шаруа қожалықтарына электр желісін тарту жұмысын «Наби Альяс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізеді. Электр желілері «Береке Ж» шаруа қожалығына — 10,7 шақырымнан,  «Мирнурбек» шаруа қожалығына — 9,1 шақырымнан, «Берекет» шаруа қожалығына тартылатын — 6,7 шақырымнан, Мұғалжар ауылындағы «Заря» шаруа қожалығына 6,1 шақырымнан тартылады. Электр жарығын тарту жұмыстары екі айға жоспарланған. Мердігер мекеменің басшылығы жұмысты қазан айында аяқтаймыз деп отыр, — деді аудандық сәулет және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әнес Сейілхан.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button