Спорт

Жас балуандар Амманға аттанды

Келесі аптада, 14-20 тамыз аралығында, Иорданияның Амман қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты өтеді.

Оған грек-рим, қыздар және еркін күрестен еліміздің ұлттық құрамалар баратын болса, оның ішінде екі құраманың сапында ақтөбеліктер бар. Атап айтқанда, грек-рим күресі бойынша Сайфулла Құрман (60 келі) мен Дінислам Сағитжан (63 келі) өнер көрсетеді. Ал қыздар құрамасының сапында Алина Ертөстік (76 келі) бар.

Біз барша қазақ балуандарына, соның ішінде жерлестерімізге де сәттілік тілейміз.

Сондай-ақ жуырда Түркияның Ыстанбұл қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтті. Өкінішке қарай, бұл әлем біріншілігінде грек-рим және қыздар күресінен қазақстандық жас балуандар бірде-бір жүлде ала алмады.

Ал еркін күрестен түркістандық Едіге Қасымбек (110 келі) әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, осы күрес түрінен атыраулық Нұрдәулет Сейілбеков (71 келі) пен тағы бір түркістандық жас балуан Самир Дурсунов (92 келі) қола жүлдеге ие болды.

А.САРЫБАЙ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button