Мәдениет

Құрманғазы топ жарды

Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледждің 2-курс оқушысы Құрманғазы Асылханов 1200-ден астам өнерлі жас қатысқан  VIII халықаралық «Күншуақ» байқауынан топ жарып келді.

Колледжде күйші Талап Хамзиннен дәріс алатын Құрманғазы байқау шарты бойынша екі күй — Қазанғаптың «Табақ тартуын» және Құрманғазының «Төремұратын» орындаған. Нәтижесінде қазылар алқасы жас күйшіге І орынды лайық деп тапты.

Құрманғазы бұған дейін де талай додаларда үзеңгілестерінен қара үзіп келді, ол  Ақтөбеде өткен «Жас дәурен», Дельфий ойындары, Дина атындағы байқаулардың жүлдегері. Болашақта бұдан да биік асуларды бағындыруға үмітті.

Халықаралық «Күншуақ» байқауына колледждің «Серпін» домбырашылар ансамблі (жетекшісі Мәдина Бисенғалиева) де барды, олар да жүлделі бірінші орынға ие болды. Колледждің 2-курс студенті Меруерт Қарағұлова қобыз номинациясы бойынша қанжығасына ІІ орынды байлап қайтты.

М.РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button