Денсаулық

Біздің облысқа 323 квота бөлінді

Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасын жүзеге асыру аясында біздің облыс тұрғындарына 323 квота бөлініп отыр.

Бұл туралы бізге облыстың бас репродуктологі, медицина ғылымдарының кандидаты Светлана Есенаманова айтты. Оның айтуынша, жасанды ұрықтандыру жолымен сәби сүю үшін квота алғысы келген жұп тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген емханасына өтініш білдіріп, бедеулік бойынша диспансерлік бақылауға тұруы керек. Толық медициналық зерттеу жүргізілген соң, жергілікті емхана үміткер жұпты облыстық перинаталды орталықтағы гинеколог-репродуктологтарға жібереді. Орталықтыңбілікті мамандары квота бөлу жөніндегі облыстық комиссияға баратын отбасына ақыл-кеңестерін айтып, дайындайды.

323 квотаның біріне қол жеткізген ақтөбелік жұп еліміздегі 18 ЭКО орталықтың кез келгенін таңдай алады. Олардың бірі біздің Ақтөбе қаласындағы облыстық перинаталды орталықта орналасқан. Айтпақшы, ЭКО орталықтардың өздеріне де квота бөлінеді.

— Биыл осы ЭКО орталықтың өзіне124 квота бөлініп отыр. Бізге тек облыс тұрғындары ғана емес, көрші облыстардан да пациенттер келеді. Биыл — бес жылға арналған «Аңсаған сәби» бағдарламасының үшінші жылы. Осы бағдарламаның арқасында біздің облыста 126 келіншек сәбилі болып, ана атанды. 100 әйел жүкті, жақын арада жетеуі босанады, — дейдіоблыстың бас репродуктологі, медицина ғылымдарының кандидаты Светлана Есенаманова.

Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасын жүзеге асыру аясында еліміз бойынша барлығы 7 мың квота бөлініп отыр.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button