Мәдениет

Ботагөздің әні

Жақында Петропавл қаласында ІV «Саз әуелеткен саусақтар» («Поющие руки») атты республикалық байқау өтті.

Байқауға Көкшетау қаласынан басқа еліміздің барлық қалаларынан қол қимылымен ән орындайтын 41 өнерлі жас қатысып, бақтарын сынады.

— Ақтөбенің намысын біздің қоғамның Мәдениет үйі жанындағы «Мы вас любим!» атты клоундар театрының режиссері әрі әртісі Ботагөз Үсенова мен осы қоғамның оқу-өндірістік кәсіпорнының тігіншісі Людмила Власова қорғады. Ботагөз үшінші орынға ие болды, — дейді облыстық қазақ саңыраулар қоғамы төрайымы Зинаида Телеушева.

Өнерпаз жүлдегеріміз жан-жақты, бәріне үлгеруге тырысады. Жақында ғана газетімізде оның шаш үлгілерін көрсететін облыстық байқауда бас жүлде алғанын жазған едік.

Сурдоаудармашы арқылы Ботагөздің байқауда «Почему так случилось?», «Прости» әндерін орындағанын білдік. Қолмен ән шырқаудан жетекшілік ететін Валентина Уварованың айтуынша, Ботагөз біраздан бері «Прости» әнін Ақтөбе сахналарында орындап жүр. Екінші әннің мағынасын түсініп, орындауға үйрету үшін бір жылға жуық уақыт кеткен көрінеді.

Ал қазір «Сал ауруларына шалдыққан азаматтарды қорғау» қоғамында ерікті боп жүрген америкалық Эрон Бин Ботагөз бен Людмиланың дайындығына көмектескенін және өнерлі қыздардың арқасында мұндай байқауға бірінші рет қатысқанын әңгімеледі.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button