Жаңалықтар

Әжелер сөзі — ақылдың көзі

Қобда ауданында «ҚазақаналарыДәстүрге жол» республикалық жобасы аясында «Әжелер сөзіақылдың көзі» аттыаудандық әжелер байқауы ұйымдастырылды.

Аталған жобаның мақсаты — ұлттық құндылықтарды ұлықтап, төл дәстүрді дәріптеу. Шараның ашылу салтанатында «Қазақ аналары —Дәстүрге жол»республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы Нәзира Табылдинова ұлттық салт-дәстүрді насихаттап жүргенәжелерді құттықтады. Аталған бірлестіктің Алға аудандық филиалы жетекшісі Гүлсім Маханова да өз лебізін білдіріп, республикалық жобаэстафетасын Қобда ауданы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының меңгерушісіНұрбибі Есжановаға табыстады. Осылайша «Қазақ аналары — Дәстүрге жол» жобасының Қобда филиалының ашылу рәсімі өтті. Меймандар  «Белсенді өмір сүру орталығы» қызметкерлері жасаған және «Роза» ательесінде тігілгенбұйымдар көрмесін тамашалады.

Жас ұрпақты ұлттық құндылықтармен тәрбиелеу, соның ішінде әже тәрбиесін үлгі ету мақсатында жоба аясында өткізілген әжелер байқауына Қобда ауданындағы барлық ауылдардан келген ақ жаулықты әжелер қатысты. Бірі қара сөзбен, бірі өлеңмен өздерін таныстырған әжелер халық әндерін әуелетіп, домбыра шертті. Одан қалды ұршық иіріп, құрақ құрап, алаша тоқып, ою ойды. Қазақтың ұмытылып кеткен салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына байланысты сұрақтарға жауап беріп, бата қайырды.

Нәтижесінде Қызылжар ауылынан келген 74 жастағы ЛатипаКәрімова бас жүлдеге ие болды. Ал батыр қыз Әлия ауылының намысын арқалап келген

73 жастағы Сегізай Жаппарова бірінші орынға лайық деп танылды. Жиренқопадан келген Құрманай Сокруп, Бесқұдықтан келген Самиға Алдашова, Бұлақтан келген Айсұлу Әлімбетова екінші, үшінші орындарға ие болды. Аудан әкімінің орынбасары Арман Қабылов барлық әжеге құрмет көрсетіп, сыйлықтар тапсырды.

Айман САРБАЛА,

Қобда ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button