Жаңалықтар

Адалдық — асыл қасиет

Дөңгелек үстел

Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің кітапханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен«Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысын талқылау мақсатында «Сөзден нақты іске: адалдық — асыл қасиет» атты дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Оған білім алушылар, оқытушылар, кітапханашылар қатысты.

Мемлекет басшысы аталған құрылтайда жастарды кітап оқуға баулу керектігін айтқан-ды: «Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Бөріхан Нұрмұхамедов, Айдос Сарым, Данияр Әшімбаев бастаған құрылтай мүшелері осындай бастама көтерді. Мен олардың Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы ұсынысын қолдаймын. Бірақ оны мазмұнды етіп өткізу қажет. Мысалы, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, арнайы жәрмеңкелер өткізу қажет», — деген еді Президент.

Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы — кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек.

Іс-шараға Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжініңБК-420, КТХ-305, КТХ-315 тобының студенттері қатысып, Ұлттық құрылтайдағы маңызды мәселелер төңірегінде пікірлерін айтты.

Райла ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ,

Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің

кіітапхана меңгерушісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button