Білім

Қылқалам ұшындағы таза өмір

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің мәжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар нашақорлықсыз өмірді таңдайды» атты облыстық сурет байқауы өтті.

Облыстық ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс жөніндегі бөлім бастығының міндетін атқарушы Айбек Көпенов қылқалам ұстаған жастарға сәттілік тіледі.

Байқауға қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай бөлініп, сынға түсті.

Облыстың әр ауданындағы көркемсурет мектебінің оқушылары мен кішкентайынан бейнелеу өнеріне жаны жақын жастар салған суреттерінде нашақорлықтың зиянын жан-жақты көрсетіпті.

Мәселен, Ырғыз ауданы №1 қазақ орта мектебінің 10-сыныбының оқушысы Данияр Әбдірахман мен осы мектептің 7-сынып оқушысы Индира Расбаева облыстық байқауға алғаш рет келіп тұрғандарын, қазір Ырғыз аудандық көркемсурет мектебінде Қарлығаш Құлжабаевадан тәлім алып жүргендерін әңгімеледі.

Облыстық ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы Людмила Бөрібаеваның айтуынша, күні бойы өткен байқауда 14-17 жастағы қылқалам шеберлерінің арасында Алға ауданынан келген Алина Бекжанова жеңімпаз атанды. Ал 18-23 жастағылар арасында Темір ауданынан келген Максим Чирковтың суреті І орынға лайық деп танылды. 24-29 жастағылар арасында І орынды Шалқар ауданынан келген Сағира Ізімова жеңіп алды. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button