Ауыл

Мал баққанға бітеді

Алға ауданында биыл мал сатып алу жоспары артығымен орындалған. Соның ішінде қой-ешкі сатып алу жоспары екі есе орындалып отыр.

Биыл аудан бойынша 1,6 мың қой-ешкі сатып алу жоспарланса, іс жүзінде сатып алынған малдың саны — 3,2 мың. Ал мүйізді ірі қара сатып алу жоспары 126,2 пайызға орындалды. Яғни жоспарланған 850 бастың орнына 1027 бас мүйізді ірі қара алыныпты.

Ауданда биыл мал басы да өскен. Қойдың саны, былтырғымен салыстырғанда, 10,2 пайызға өсіп, 97 мыңнан асты. Мүйізді ірі қара саны да осы мөлшерде өсіп, 57,8 мыңға жетті. Ал жылқының саны 15,9 мың болды. Құстың саны 5,2 пайызға көбейген.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығына қажетті техника сатып алу жоспары да жақсы орындалды. Мысалы, 31 трактор сатып алу жоспарланса, оның орнына 70 трактор алудың сәті түсіпті.

Жалпы, аудан аумағының басым бөлігі, үштен екісінінен астамы — ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Мұнда 473 агроқұрылым бар. Олардың 442-сі — түрлі шаруа қожалықтары. Ал өндірістік коопертивтердің саны — бесеу.

Биылғы жыл қорытындысы бойынша осы сала үздіктерінің қатарында Ахмет Нұғыманов («Айдана» шаруа қожалығының агрономы), Анатолий Морозов («Төреғали» шаруа қожалығының механизаторы), Марат Дүзбаев («Маржанбұлақ»ЖШС-ның комбайншысы), Ринат Ерімбетов («Ақтілек» шаруа қожалығының жылқышысы), Анастасия Райхерт («Эльвира» шаруа қожалығының сауыншысы), Арыстан Досымов («Азамат-Д» шаруа қожалығы) және басқа да еңбеккерлер бар.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button