Мәдениет

Ұстаз бақыты

Достық үйінде екі мәрте «Құрмет белгісі» орденінің иегері, «КСРО білім беру ісінің үздігі», Ақтөбе қаласының құрметті азаматы Сара Еламанованың  75 жасқа толу мерейтойына арналған  кеш болып өтті.

Еңбек жолын қарапайым мұғалімдіктен бастаған, одан өзінің алғырлығының, еңбекқорлығының, іскерлігінің арқасында облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасарлығына дейін өскен Сара Иманбайқызына деген ыстық ықыласын білдірушілер көп болды, көрермендер залына халық көп жиылды.

Алғашқы құттықтау сөзді облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова алып, мерейтой иесіне облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың  құттықтау хатын  тапсырып, сый-сыяпатын жасады.  «Нұр Отан»  ХДП Ақтөбе филиалының төрағасы Балғали Ордабаев, қала әкімінің орынбасары Сәния Қалдығұлова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қайрат Сабыр, Қарабұтақ  ауылының әкімі Зоя Бөлекова, облыстық білім басқармасының бастығы Айгүл Арынғазиева, облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Айгүл Мұқашева, облыстық ардагерлер кеңесінің атынан Әлұзақ Низамутдинов, Татьяна Бородулиналар, «Қазақстан әйелдері ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі Ақтөбе филиалының төрағасы Тәттігүл Талаевалар құттықтап, жылы лебіздерін білдірді, сый-құрметтерін  көрсетті.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Света Айтбаева,  Халықаралық байқаулардың лауреаты Марат Әйтімов,  «Ақтөбе» тобының жігіттері шырқаған әндер мен  «Назерке» халықтық би ансамблінің билері кештің ажарына ажар қосты.

Сара Еламанова кеш соңында жиылған қауымға, шараның ұйымдастырушыларына шексіз  ризашылығын білдіріп, батасын берді.

Ардақ ҚОНАҚБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button