Спорт

Еш болған екі гол

Премьер-Лига

«Ордабасы»-«Ақтөбе» — 2:2

29-30 қазан күндері 25-тур ойындары өтті.

Бұл турдан соң да чемпион мен үшінші орын иесі де, Бірінші лигаға түсуге тиіс екі команда да толық анықталып болған жоқ.

12 шілдеден бері, үш жарым ай бойы бірінші орында келе жатқан «Ақтөбе» бұл жолғы тең ойыннан соң екінші орынға түсті. Көш басына «Астана» шықты. Сырт алаңда «Таразды» жеңген «Тобыл» үшінші орын үшін талас бітпегенін көрсетті. Ал соңғы екі орында әзірге «Тұран» мен «Ақжайық» қалып тұр.

*   *   *

Бұл турда «Ақтөбе» Шымкентте «Ордабасы» командасымен ойнады.

Алаң иелері ойынды жойқын шабуылдармен бастауға кіріспек болғанымен қонақтар оларды тез сабасына түсірді. Ақтөбелік шабуылшы Жерар Гоу қарсыластар қақпасына әуелі 16-минутта, одан соң 39-минутта екі тамаша гол соқты. Ал осы таймның соңғы минутында сол Гоу салған үшінші гол, өкінішке қарай, авторы офсайдта болғаны себепті есепке алынбады. Әттең, екінші таймда жерлестеріміз бұл басымдықты сақтап қала алмады. 53-минутта Әлібек Қасым айып алаңымызда шымкенттік Всеволод Садовскийді тобықтан қағып құлатса, араға сегіз минут салып Әділхан Таңжарықов тағы да өз айып алаңымызда, ешкім жағаласпаса да, алым жоқ, берім жоқ, қолмен ойнады. Екі пенальти белгіленіп, екеуін де Дмитрий Бородин мүлтіксіз орындады. Рас, ойынның бас-аяғына дейін басымдық «Ақтөбе» командасында болды. Бірақ аса қажет боп тұрған үш ұпайды иелене алмадық, сақалды қолдан бердік.

«Ордабасы»-«Ақтөбе» —  2:2

Гол авторлары: Жерар Гоу, 16-минут (1:0); Жерар Гоу, 39-минут (2:0), Дмитрий Бородин, пенальти, 53-минут (1:2); Дмитрий Бородин, пенальти, 61-минут (2:2).

«Ақтөбе» төмендегі құрамда ойнады: Стас Покатилов (қақпашы), Дмитрий Шомко (капитан), Темірлан Ерланов, Әлібек Қасым, Әділхан Таңжарықов, Йоахим Адукор, Рамазан Оразов, Виталий Балашов (Максим Самородов, 74-минут), Арман Кеңесов (Сердер Сердеров, 74-минут), Рожерио Шина, Жерар Гоу.

29 қазан 2022 жыл. Шымкент қаласы, Қажымұқан атындағы Орталық стадион, 15 000 адам.

*   *   *

«Ақтөбе» командасы 25 кездесу өткізіп, 15 рет жеңді, 4 рет тең ойнады, 6 рет ұтылды. Ұпай саны — 49. Доп айырмашылығы — 39:27.

Біздің мергендеріміз:

Уго Видемонт, жартылай қорғаушы, Жерар Гоу, шабуылшы — 8 гол;

Әлібек Қасым, қорғаушы — 6 гол;

Сердер Сердеров, шабуылшы — 4 гол;

Рожерио Шина, шабуылшы; Максим Самородов, шабуылшы — 3 гол;

1 голдан соққандар: Артурас Жулпа, жартылай қорғаушы; Никита Маляров, жартылай қорғаушы; Йоахим Адукор, жартылай қорғаушы; Виталий Балашов, шабуылшы; Руслан Камболов, жартылай қорғаушы; Бауыржан Байтана, жартылай қорғаушы.

(Бір голды өз қақпасына Равиль Ибрагимов («Атырау») соғып алды).

*   *   *

Басқа кездесулер:

«Тұран»-«Мақтаарал» — 0:3

«Тараз»-«Тобыл» — 0:2

«Қызылжар»-«Астана» — 0:2

«Атырау»-«Шахтер» — 2:2

«Каспий»-«Ақжайық» — 0:0

«Қайрат»-«Ақсу» — 2:0

*   *   *

25-турдан соң, ақырғы турдың алдында командалар турнир кестесіне төмендегідей ретпен орналасты:

  1. «Астана» (Астана) — 50 ұпай
  2. «Ақтөбе» (Ақтөбе) — 49 ұпай
  3. «Тобыл» (Қостанай) — 44 ұпай
  4. «Қайрат» (Алматы) — 42 ұпай
  5. «Ордабасы» (Шымкент) — 37 ұпай
  6. «Ақсу» (Павлодар облысы) — 33 ұпай
  7. «Шахтер» (Қарағанды) — 32 ұпай
  8. «Каспий» (Ақтау) — 31 ұпай
  9. «Мақтаарал» (Түркістан облысы) — 30 ұпай
  10. «Атырау» (Атырау) — 29 ұпай
  11. «Тараз» (Тараз) — 28 ұпай
  12. «Қызылжар» (Петропавл) — 27 ұпай
  13. «Ақжайық» (Орал) — 25 ұпай
  14. «Тұран» (Түркістан) — 25 ұпай

*   *   *

26-тур ойындары 6 қараша, жексенбі күні өтеді.

«Тараз» — «Тұран»

«Мақтаарал» — «Ордабасы»

«Қызылжар» — «Каспий»

«Ақсу» — «Атырау»

«Шахтер» — «Астана»

«АҚТӨБЕ» — «ҚАЙРАТ»

«Ақжайық» — «Тобыл»

Е.АХАТҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button