Спорт

Ұстаздар қазақ күресінен бақ сынады

Байғанин ауданында қазақ күресінен «Ұстаз барысы» палуандар бәсекесі өтті. Жарысқа қатысушылар кәсіби боз кілем шеберлері емес, спортты серік еткен мектеп мұғалімдері болды.

Сайысты тамашалауға аудан әкімі Кайрат Орынбасарұлы, Байғанин аудандық соты Ерұлан Айтуғанұлы және мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары келді.

Төрелік етуге арнайы қазылар алқасы шақырылған. Жекпе-жекте балуандар өз шеберліктерін сынады.

Жарыс үш салмақ дәрежесінде өтті. Сайыстың нәтижесі бойынша 55-65 келіге дейінгі салмақта Қарабұлақ орта мектебінің ұстазы Нұрғали Рәбіл «Ұстаз барысы» атағын иеленсе, 66-82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қаражар орта мектебінің ұстазы Дәулет Мергенбаев жеңіске жетті. 82-100 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Қарабұлақ орта мектебінің ұстазы Қуандық Өтен «Ұстаз барысы» атанды.

Қазақ күресін қолдап, тамашалауға келген жұрт қарасы қалың болды.

Насиба АРМАНҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button