Спорт

Жеребе тартылды, қарсыластарымыз белгілі

Еуро-2024

Жексенбі күні Франкфурттағы Майна қаласында (Германия) футболдан өткізілетін «Еуро-2024» іріктеу ойындарының жеребесі тартылды.

Бір айта кетерлігі, бұл жарысты өткізетін Германия құрамасы финалдық кезеңге тікелей жолдама алды. Ал қалған құрамалар 10 топқа бөлінді.

«A» тобы: Испания, Шотландия, Норвегия, Грузия, Кипр.

«B» тобы: Нидерланды, Франция, Ирландия, Грекия, Гибралтар.

«C» тобы: Италия, Англия, Украина, Солтүстік Македония, Мальта.

«D» тобы: Хорватия, Уэльс, Армения, Түркия, Латвия.

«E» тобы: Польша, Чехия, Албания, Фарер аралдары, Молдова.

«F» тобы: Бельгия, Австрия, Швеция, Әзірбайжан, Эстония.

«G» тобы: Венгрия, Сербия, Черногория, Болгария, Литва.

«H» тобы: Дания, Финляндия, Словения, Қазақстан, Солтүстік Ирландия, Сан-Марино.

«I» тобы: Швейцария, Израиль, Румыния, Косово, Белоруссия, Андорра.

«J» тобы: Португалия, Босния және Герцеговина, Исландия, Люксембург, Словакия, Лихтенштейн.

Финалдық ойындарға 24 құрама қатысатын болады. Бұлар төмендегідей ретпен жасақталады.

Турнирдің негізгі кезеңіне жоғарыда көрсетілген әр топтан алғашқы екі орынға ие болған командалар шығады: 20 құрама. Бұған Ұлттар Лигасынан 3 құрама қосылады. Ал Германия турнир өтетін алаң иесі ретінде бұл додаға іріктеуден тыс енгізіледі.

Іріктеу ойындары 2023 жылдың наурыз айынан басталады.

Көріп отырғанымыздай, біздің «Н» тобына Испания немесе Италия әйтпесе Франция тәрізді елдердің құрамалары тап болмапты. Дегенмен әріптестерімізді осал деуге де келмейді. Мысалы, Дания футболының қалай дамып келе жатқаны әркімге де мәлім.

Жеребе тартылғаннан соңғы болжамдарда, әрине, Қазақстан құрамасы өз тобының фавориті ретінде аталмайтыны түсінікті. Әзірге Дания ғана даусыз мақталып тұр. Дегенмен жағдай қалай қалыптасатыны жүре-бара белгілі болады ғой. Мысалы, биылғы Ұлттар Лигасы ойындары басталарда Қазақстанды ешкім де топ жеңімпазы болады деп ойлаған емес еді. Ал сөйткен Қазақстан бірінші орынды жұлып алған жоқ па?!

Е.АХАТҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button