Спорт

Облыс әкімі футболшыларға үлкен сенім артты

Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжанов «Ақтөбе» футбол командасының ұжымымен кездесті.
— Биыл біздің команданың ел чемпионы атануға тамаша мүмкіндігі бар. Біз клубқа жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Сіздерден күтетініміз – жеңіс және келесі маусымда УЕФА Чемпиондар Лигасында ойнағандарыңызды көргіміз келеді.
Біз футболдың дамуына қажетті барлық шараларды қабылдап жатырмыз. Ақтөбеде балалар футбол академиясының құрылысы және орталық стадионға қайта жөндеу жұмыстарының жоспарға енуі осыған
дәлел. Осы маусымда команда алтыншы рет чемпион атанып, алтын медаль иеленеді деп сенеміз. Сонда жанкүйерлер үшін нағыз футбол мерекесі болады. «Каспий» құрамасымен кездесуде тамаша ойын өрнегін көрсеткендерге алғыс айтамын, – деді Ералы Тоғжанов.
Облыс әкімі стадионды аралап көрді. Спорт кешеніне күрделі жөндеу жүргізу өзекті мәселелердің бірі болып қала беретінін жеткізді.
Кездесу соңында «Ақтөбе» футбол клубы басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев пен команданың бас бапкері Андрей Карпович Ералы Тоғжановқа сенім білдіргені үшін алғыс білдірді.

Насиба АРМАНҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button