Мәдениет

«Балапандағы» ынтымақ

Ақтөбе қаласындағы №37 «Балапан» мектепке дейінгі ұйымында «Ынтымақты отбасы» тақырыбында жарыс өтті.

Балабақшаның «Бәйтерек» ересектер тобы тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен өткен жарысқа бүлдіршіндермен қоса ата-аналар да қатысты. Жарысты өткізудегі мақсат — салауатты өмір салтын қалыптастыру, бүлдіршіндердің спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Сайыста екі топ бір-бірімен бақ сынасты. «Күншуақ» және «Қыран» аталған топтардың әрқайсысында 4 отбасыдан шықты. Олар спорттық ойындардың әр түрінен өнер көрсетті. Жарыс тартысты өтті. Балабақша меңгерушісі Аня Жүнісбекова мен осы мекеменің әдіскері Гүлбану Мақсатқызы екі топтың өнерін де жоғары бағалап, ата-аналарға алғыс айтты.  Спорттық жарысты ұйымдастырған  «Ересектер» тобының тәрбиешілері Гүлзира Қадірова мен Жансая Әбдіхалықоваға ата-аналар да өз ризашылығын білдірді.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button