Мәдениет

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Ақтөбе облыстық С.Бәйішев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасы жүйелі түрде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған шаралар өткізіп келеді.

Жақында кітапхананың абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен №6655 әскери бөлімнің мәжіліс залында еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты кітап көрмесі өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл көрменің мақсаты — Елбасының өмірі мен шығармашылығын, рухани өсу жолдарын, ел басқарудағы көрегендік қабілетін кеңінен таныстыру арқылы Елбасының өнегелі өмірін жастарға үлгі қылу, өскелең жас ұрпақтың бойында еңбекқорлық, адамгершілік, имандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

Абонемент бөлімінің кітапханашысы С.Мамбетова жиналғандарға көрмені таныстырып, «Алтын діңгек», «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», «Кемеңгер», т.б. жекелеген кітаптарға тоқталып өтті. Көрмеге барлығы 25 кітап қойылды. Бұл еңбектерде бала Нұрсұлтан туралы да, ұлт көшбасшысы, әлем таныған Нұрсұлтан Назарбаев туралы да мол мағлұматтар бар. Елбасының өзі жазған кітаптары да оқырмандар тарапынан зор қызығушылық туғызды.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button