Пікір

Референдумға қатысу – зор жауапкершілік

Тұрақбай Сұлтанғалиев, ауылшаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы:

— ПрезидентҚасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жаңа саяси реформалар жүргізіледі. Осыған байланысты Конституцияға түзетулер енгізу үшін референдум өткізілгелі отыр. Бұл —еліміз үшін маңызды қадам, мемлекеттік басқаруда халықтың ықпалын арттаруға үлкен мүмкіндік.Референдумға қатыса отырып, әр азамат Ата Заңға енгізілетін өзгерістерге тікелей атсалыса алады. Мысалы, ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған оң өзгерістердің, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді толықтай игеру үшін, оны халық игілігіне беру үшін, қолға алынған бастаманың жалғасын табуын құптаймыз.

Кәсіподақ мүшелерінің,әсіресе ауылдық жерлердегі қарапайым еңбек адамының лайықты жалақы алуына, әлеуметтік кепілдіктерін жақсарту мәселесіне баса көңіл бөлінсе деймін.

Бұл референдум мемлекет пен қоғам қатынасында тиімді құқықтық негіз қалыптастыруға бастау болады. Бұл —Әділетті Қазақстан құрудың бастамасы. Сондықтан оған азамат ретіндеөз жауапкершілігін сезінетін әрбір ақтөбелік қатысады деп ойлаймын.

Конституцияда 98 бап болса, оның 33-іне, яғни үштен біріне өзгерістер енеді. Мұның ішіндеПарламенттің құзырын кеңейту, мәслихаттардың ролін күшейту,орталыққа бағынудан гөрі өңірлердің құқығын арттыру мәселелері көзделген.

Басты қағида: күшті Президент, ықпалды  Парламент және есеп беретін Үкімет. Сондай-ақ Конституциялық Сот құрылады.

Жалпы, Конституцияның 33 бабына56 түзету енгізіледі. Оның ішінде екі бөлімнің атауы өзгереді. Бұл өзгерістердің түпкі мақсаты – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нығайту.

Басқа жаңалықтар

Back to top button