Экономика

Қаңтардың елеулі қарқыны

Статистика

Облысымыздың 2011 жылғы қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

Өнеркәсіп өндірісі

Биылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағалармен 86 652,3 млн. теңгені құрады, бұл 2010 жылғы қаңтарға қарағанда 3,7 пайыз жоғары.

Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда (3,4 пайыз), өңдеу өнеркәсібінде (0,8 пайыз), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда (8,6 пайыз), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда (57,7 пайыз)  өсім белгіленді.

Ауыл шаруашылығы

2011 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағалармен 4 212,4 млн. теңгені құрап, 2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда 3,9 пайызға өсті.

Инвестиция

2011 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8 311,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 19,8 пайызға артты.

Жүк айналымы

2011 жылғы қаңтарда жүк айналымының көлемі 267,8 млн.текше метр (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2010 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 47,3 пайызға өсті.

Бөлшек сауда

Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 15 520,0 млн. теңгені құрап, 2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда 16,3 пайызға өсті.

Көтерме сауда

Есепті  кезеңде көтерме  сауда  тауар  айналымының көлемі 11 751,8 млн. теңгені құрап, 2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда 3,0 пайызға өсті.

Тамақ өнімдері. Сусындар

Тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 2011 жылғы қаңтар айында 445,5 млн. теңге құрады немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,4 пайызға көп.

Тұтыну бағалары индексі

Тұтыну бағаларының индексі 2011 жылғы қаңтарда 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,6 пайыз құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар — 2,8 пайыз, азық-түлік емес тауарларға — 0,7 пайыз, ақылы қызметтерге — 0,9 пайыз артты. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2011 жылғы қаңтарда 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,7 пайыз өсті.

Ақшалай табыстар

2010 жылғы желтоқсанда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары баға бойынша 42 560 теңгені құрады. Өсім 2009 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 13,7 пайыз құрады, нақты ақшалай табыстар үшін – 5,9 пайыз.

Жалақы

2010 жылғы желтоқсанда  қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 90 126 теңгені құрады. 2009 жылғы желтоқсанға қарағанда 20,5 пайызға өсті. Нақты жалақы индексі 2009 жылғы желтоқсанға 112,2 пайыз құрады.

Жұмыспен қамту

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2011 жылғы қаңтардың аяғына 1,4 мың адамды құрады, бұл — экономикалық белсенді халық санының 0,3 пайызы.  Жасырын жұмыссыздық деңгейі  бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының  0,3 пайызын құрады.

Заңды тұлғалар

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2011 жылғы 1 ақпанға 11 845 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,0 пайызға азайды. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 8 354 құрады, оның ішінде 90 пайызы — шағын кәсіпорындар. Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің саны (заңды тұлғалар) 8 188 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,2 пайызға азайды.

Қуанышты деректер қайталанды

Облыс халқының табиғи қозғалысы

2010 жылы облыс халқының табиғи қозғалысы 11 128 адам құрады.

Облыста 17 150 сәби дүниеге келді, 6 022 адам қайтыс болды.

Дәл осындай туу деңгейі (17,2 мың адам) мен табиғи өсім (11,7 мың адам) 1991 жылы есепке алынған болатын.

Туу мен табиғи өсімнің ең төменгі көрсеткіштері 2001 жылы орын алды — 9662  және тиісінше 2918 адам.

1991-2010 жж. табиғи қозғалыс көрсеткіштері

мың адам

2010 жылы халықтың 1 000 адамына шаққанда:

—  туғандар саны — 22,3 сәби (1991 жылы — 22,8; 2001 жылы — 14,5);

— өлгендер саны — 7,8 адам (1991 жылы — 7,3; 2001 жылы — 10,1);

— табиғи өсім коэффициенті 14,4 промилле (1991 жылы — 15,5; 2001 жылы — 4,4) құрады.

Жынысы мен жердің типі бойынша 2010 жылы туғандар мен өлгендер саны төмендегідей:

Туғандар

Өлгендер

Барлығы

Ер балалар

Қыз балалар

Барлығы

Ерлер

Әйелдер

Барлығы Облыс бойынша

17 150

8 817

8 333

6 022

3 397

2 625

Оның ішінде:

– қала

10 575

5 433

5 142

3 622

2 011

1 611

– село

6 575

3 384

3 191

2 400

1 366

1 014

Жоғарыда көрсетілген кестеден қалалық жердегі туғандар мен өлгендер саны ауылдық жерге қарағанда жоғары екендігін көруге болады. Сондай-ақ ерлер әйелдерге қарағанда жиі дүниеге келеді және өледі.

2010 жылы 7212 жұп некеге тұрды, ажырасқан жұптар саны — 1777.

2011 жылдың 1 қаңтарына облыс халқының саны 777,3 мың адам болды, оның ішінде қалалық жерде — 478,0 мың  (61,5 пайыз), ауылдық жерлерде — 299,2 мың адам (38,5 пайыз).

2010 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 13,8 мың адамға  немесе  1,8 пайызға өсті.

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша әзірленді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button