Жаңалықтар

Әскерилердің жауынгерлік әзірлігі тексерілді

Ақтөбе гарнизонындағы әскери полиция бөлімінде жазғы оқу кезеңінің жоспары бойынша жеке құрам дабыл көтеріп, жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейінде екенін дәлелдеді.

Алдымен жеке құрам белгіленген уақытта әскери бөлімге келіп, жауынгерлік есеп бойынша тапсырмалар алды.

Бұдан кейін жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес әскери полиция бөлімінде тактикалық-саптық сабақтар өткізілді. Онда әзірліктің жоғары дәрежесіне жету бойынша жеке құрамның хабарлау жүйесі және олардың жауынгерлік басқару органдарымен бірлесе іс-қимыл жасау барысы тексерілді.

— Жауынгерлік даярлық іс-шарасының мақсаты — бөлімнің жауынгерлік әзірлік деңгейін анықтап, дабыл бойынша жеке құрамның іс-қимылдарын пысықтау. Бөлімшелерге қойылған тапсырмалардың орындалу деңгейіне қарап, қорытынды жасаймыз. Нақты мүмкіндіктерді анықтап, бағалаймыз, — дейді Ақтөбе гарнизоны әскери полициясының бастығы, подполковник Медет Жақыпов.

                                   Ақтөбе гарнизоны баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button