Басты бет » Абай — 175

Абай — 175

Үздіктер марапатталды

Былтыр желтоқсан айында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткен мәнерлеп оқудан «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» атты онлайн байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Аталған байқауға Ақтөбе қаласындағы орта мектептердің оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, өзге ұлт өкілдері мен медицина қызметкерлері қатысты. — Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай жылын жариялағаны белгілі. Осыған орай халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе ...

Жалғасы »

Жақсы істер жалғасын табады

Ұлы Абайдың 175 жылдығы сөз өнерін дамыту, құдіретті қара өлеңнің қадірін ұғыну тұрғысынан жаңа мүмкіндіктерге жол ашты, көптеген тың шаралар өткізуімізге серпін берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абайды қалай дәріптесек те жарасады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы — қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі-өнеге. Ақынның мұрасы — бүкіл адамзат баласының рухани азығы» деп атап көрсетуі ұлылықты ұлықтауға, ...

Жалғасы »

Шынайы шығарма

(Көпсериалы «Абай» фильміне пікір) Қазіргі өркениетті елдердің барлығы дерлік шоқтығы биік тарихи тұлғалармен мақтана алады. Олардың қатарында мемлекет және қоғам қайраткерлері, қолбасшылар, саясаткерлер мен ғалымдар, өнер мен  мәдениет майталмандары, танымал ақын-жазушылар бар. Қазақ жұрты да біртуар перзенттерден кенде емес. Солардың ішінде Абайдың орны ерекше, бірақ біз ғұлама ойшылымызды  әлем жұртына лайықты деңгейде таныта алмай келдік, оның объективті және субъективті себептері ...

Жалғасы »

Ақын тойы — ел мерейі

Биыл қазақтың бас ақыны, ғұлама, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай республикамызда және шетелдерде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде Ақтөбе жерінде ұлы ақынға арналып еңселі ескерткіш ашылып, кіші сәулет нышандары орнатылды. Жыл соңында біз ұлы ақын мерейтойына орай елімізде және облыста ұйымдастырылған атаулы шараларды оқырмандар назарына ұсынамыз.  Елордадан басталған той Биыл жыл басында күллі қазаққа ортақ алқалы ...

Жалғасы »

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жылдың басты жобасы – ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай» және Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби» телехикаяларын ұсынды

  «Абай» телехикаясы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы негізгі оқиғаларды арқау ете отырып, Абай өмір сүрген кезеңді бейнелейді. 6 бөлімнен тұратын сериалда ақын өмірінің үш кезеңі қамтылған. Абайдың кемеліне келген шағын Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов, жас Абайдың бейнесін Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен жасөспірімдер театрының актері Дархан Сүлейменов, ақынның бозбала шағын актер Әли Тұрсынхан сомдады. Құнанбай рөліне ҚР Еңбек ...

Жалғасы »

«Абай әлемі» кітаптар топтамасының тұсаукесері өтті

Семей қаласында Абай атындағы кітапханада онлайн режимде «Абай әлемі» кітаптар топтамасының  тұсаукесері өтті. Биыл жарыққа шыққан бұл топтамаға қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі 22 кітап енгізілген. Кітаптар арқылы оқырмандар тек Абайдың шығармаларымен ғана танысып қоймай, сонымен қатар ақынның балаларының және ізбасарларының еңбектерін де оқи алады. — «Абай әлемі» кітаптар топтамасы осымен үшінші рет жарық көріп отыр. Биылғы жыл ұлы ақынның ...

Жалғасы »

Байқау жүлдегерлері марапатталды

Өткен аптада Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай облыстық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығының  ұйымдастыруымен «Абай мұрасы — аманат» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шараға ҚР Мәдениет саласының үздігі Еркін Құрманбек, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жанғабыл Қабақбаев, сондай-ақ «Атамекен-Асылым» халықтық ансамблі қатысты. Кеш барысында ұлы ақын шығармашылығы мен оның мол мұрасы туралы пікірлер айтылып, «Атамекен-Асылым» халықтық ансамблі ...

Жалғасы »

Жас оқырмандар бас қосты

Биыл жыл басынан бері облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы ұжымы ұлы ақын шығармашылығын насихаттау мақсатында «Абай және біз» арнайы жобасы жүргізіп келеді. Аталған жоба аясында бейнероликтер, аудио-тыңдалымдар, деректі фильмдер әлеуметтік желілер арқылы қалың оқырманға жол тартты. Ал жуырда осы жоба шеңберінде «Абай әлемі» атты кеш өтті. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары мен Ақтөбе қаласындағы №5 орта мектептің оқушылары ...

Жалғасы »

Лондонда ұлы ақынның жинағы жарық көрді

Ұлыбританияда  Абай шығармаларының ағылшын тіліндегі жаңа жинағының онлайн тұсаукесері өтті. Жаңа жинақтың басты ерекшелігі — ұлы ойшыл еңбектерінің тікелей қазақ тілінен және түпнұсқа бойынша аударылуында. Бұған дейін Абайдың өлеңдері мен қарасөздері орыс тілінен ағылшын тіліне тәржімаланған. Жобаны Ұлттық аударма бюросы және әлемге әйгілі Кембридж университетінің баспасы Абайдың 175 жылдығы қарсаңында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырып отыр. Шарада сөз ...

Жалғасы »

Екі облыста Абайдың ескерткіші ашылды

Ұлы ақынның 175 жылдығына орай өткен аптада Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысында Абайдың ескерткіші ашылды. Атап айтсақ, ақынның мерейтойына орай Қарағанды қаласындағы көшелердің біріне ақынның есімі беріліп, Абай ауданында ұлы ойшылдың ескерткіші ашылды. Қоладан құйылған, биіктігі он метрге жуық монумент Абай қаласындағы Мәдениет үйінің алдындағы алаңға орнатылған. Жоба авторы — Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Бейбіт Мұстафин. Мүсінші ақынды толық бойына ...

Жалғасы »