Абай — 175

Байқау жүлдегерлері марапатталды

Өткен аптада Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай облыстық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығының  ұйымдастыруымен «Абай мұрасы — аманат» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Шараға ҚР Мәдениет саласының үздігі Еркін Құрманбек, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жанғабыл Қабақбаев, сондай-ақ «Атамекен-Асылым» халықтық ансамблі қатысты.

Кеш барысында ұлы ақын шығармашылығы мен оның мол мұрасы туралы пікірлер айтылып, «Атамекен-Асылым» халықтық ансамблі өнер көрсетті.

Сондай-ақ шара барысында биылғы жылдың тамыз-қыркүйек айларында оқушылар арасында өткен «Абай мұрасы — аманат» онлайн байқауының жеңімпаздары марапатталды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығының Нұрлыхан Хасенов кешке қатысқан аға буын өкілдеріне ризашылығын білдіріп, аталған байқауда көзге түскен 10 қатысушыға Алғыс хат және жүлделі орындарға ие болған 10 оқушыға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Кеш соңында оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқыды.

Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button