Абай — 175

Жас оқырмандар бас қосты

Биыл жыл басынан бері облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы ұжымы ұлы ақын шығармашылығын насихаттау мақсатында «Абай және біз» арнайы жобасы жүргізіп келеді. Аталған жоба аясында бейнероликтер, аудио-тыңдалымдар, деректі фильмдер әлеуметтік желілер арқылы қалың оқырманға жол тартты. Ал жуырда осы жоба шеңберінде «Абай әлемі» атты кеш өтті.

Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары мен Ақтөбе қаласындағы №5 орта мектептің оқушылары қатысты.

Кеш барысында «Абайды тану — ұлтыңды тану» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды.

Сондай-ақ ұлы ақынның шығармашылығы туралы оқырмандардың ой-пікірлері тыңдалып, Абайдың қарасөздері мен аудармалары оқылды. Караоке арқылы «Көзімнің қарасы» әні шырқалды. Осылайша кітапхананың жас оқырмандары Абайды тұшынып оқысаң, көңіл көкжиегі кеңейетінін, білім мен тәрбие алған әрбір адам өмірде өз жолын адаспай табатынын түсініп, кештен ерекше әсер алып тарасты.

           Құндыз ҚОНЫСБАЙ,

облыстық зағиптар және

нашар көретін азаматтардың

арнаулы кітапханасының қызметкері. 

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button