Денсаулық

150 мұғалжарлық екпе салдырды

Ембі қаласындағы аудандық аурухананың коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жылжымалы тобы Мұғалжар ауылында болып түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ембі қаласындағы аудандық аурухананың бас дәрігері Ерлан Бұхарбаевтың айтуынша, түсіндіру жұмыстарынан соң Мұғалжар ауылында бір күннің ішінде 150 адам ресейлік «Спутник-V» екпесін салдырды.

— Екпе алғандардың ішінде 69 педагог, қиыршық тас зауытының 25 қызметкері және барлық мемлекеттік қызметкерлер де бар. Екпе алғандардың бәрі өздерін жақсы сезінеді. Иммундау шара тегін әрі ерікті түрде жүргізілді, — дейді бас дәрігер.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button