Денсаулық

Тұрғындар денсаулығын тексерді

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Медициналық орталығының мамандары Алға ауданының тұрғындары үшін онкологиялық скрининг жүргізді.

Тұрғындарды тексеру «Қазақстан халқына» қорының осы орталыққа табыстаған «Оptimа» мобильді медициналық кешендерінде өтті. Бұл — медициналық кешеннің облыс аудандарына алғашқы сапары. «Доңғалақты ауруханалар» ультрадыбыстық аппаратпен, томосинтез функциясы бар цифрлық маммографпен, 128 кесінділікомпюьтерлік томография аппаратымен жабдықталған.

Алғалықтарды профилактикалық тексеруден өткізу жұмыстарын орталықтың бас дәрігері Елдос Смаиылов бастаған мамандар тобы жүргізді. Топ құрамында онколог, онкомаммолог, онкохирург, онкогинеколог, терапевт және функционалдық диагностика дәрігерлері бар.

Медициналық орталығына «QH Денсаулық жолы» қайырымдылық жобасыаясында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен «Оptimа» жылжымалы медициналық кешені табысталғаны еді. Жоба облыстың елдімекендеріне жылжымалы медициналық кешендерді жіберу арқылы онкологиялық ауруларды ерте анықтауға септігін тигізеді. Сонымен қатар басқа да диагностикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді, — деді Елдос Смаиылов.

 Мәншүк САПАРОВА,

Алға ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button