Спорт

Әлем чемпионатына жолдама алды

Ақтөбелік спортшы Бағдат Жұбаныш биыл екі бірдей әлем чемпионатына жолдама алып отыр.

Бұл жөнінде Алға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бағдат — осы ауданның Қарақобда топырағынан шыққан дарынды жас. Бүгінде аралас жекпе-жек түрлерінен бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, ММА нұсқасы бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанып отыр. Аралас жекпе-жек бойынша халықаралық федерацияның (IMMAF) шешімімен өткен жылы ол «Үздік спортшы» атағына ие болды.

Жуырда Шымкент қаласында өткен панкратионнан ел біріншілігінде Бағдат Жұбаныш 60 кг салмақ дәрежесінде 2-орын алды, сонымен бірге әлем чемпионатына жолдамаға ие болды. Сондай-ақ, биыл ол ММА бойынша Алматыда өткен ел біріншілігінде топ жарып, ол жолы да әлем чемпионатына жолдама алған еді.

Бағдат — Ақтөбедегі «Еркін күш» жекпе-жек клубының түлегі.

Біз жерлесімізге алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз.

 А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button