Денсаулық

Емхана 77 360 адамға қызмет көрсетеді

Медицина

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев пен «Сенім» медицина қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Қайрат Сабыр №1 қалалық емхананың ұжымымен кездесті.  

Жиында  халықтың әлеуметтік осал топтарына және көпбалалы отбасылардан шыққан, мүгедек балаларға медициналық көмек көрсету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ мамандардың этика және деонтология мәселелері, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы қозғалды.

№1 қалалық емханаға 77 360 адам қаралады. Мамандар 290 мүгедек балаға қызмет көрсетеді.  Олардың барлығы диспансерлік есепте тұр, ТМККК шеңберінде тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген және оңалту емін алады.

Жиында дәрігерлер балаларды тексеру кезінде кездесетін проблемаларды айтты. Мәселен, кейбір мекемелерде  МРТ және КТ аппараттары ұзақ уақыт жұмыс істемейді. Балаларды ультрадыбыстық зерттеуден өткізу кезінде де проблема бар. Басшылар бұл мәселелерді қарайтынын айтты.  Кездесуде осы және өзге де проблемалар ортаға салынды.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button