Мәдениет

Ахтанов театры жаңа қойылымға шақырады

4 желтоқсан күні Тахауи Ахтанов атындағы облыстық  драма театрында «Көшеде жүрген пақырды, әкім бол деп шақырды» қойылымының премьерасы өтеді.

Жұмабай Тәшенов пен Игорь Саввиннің «Көшеде жүрген пақырды, әкім бол деп шақырды» пьесасын режиссер Сырым Асқаров сахналайды. Қойылымға Бақыт Айтова, Ғазиз Обаев, Дәметкен Құсайынова, Қазихан Балдайыров, Нұрсұлтан Айтқалиев, Кеңес Кемалбаев, Майгүл Мұзбаева, Шынтас Омаров, Айнагүл Өлмесекова сынды актерлер қатысады.

Кезінде Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында «Көшеде жүрген пақырды, әкім бол деп шақырды» спектаклі бірнеше жыл бойы үлкен табыспен жүрген еді. «Әкемтеатр» сахнасына бұл қойылымды режиссер Әзірбайжан Мәмбетов әзірлеген болатын.

Ал Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театры қазақ труппасының бас режиссері Сырым  Асқаров бұл пьесаны бүгінгі күн шындығымен үндес шығарма ретінде таңдап алып отыр. Пьесада баяндалатын қара басының  пайдасы үшін жағымпаздық, парақорлық сынды,  басқа да  лас әрекеттерге белшеден батқан жандардың тірлігі, расында да, нақ бүгінгі өмірден алынғандай…

Дегенмен бәрін өз  көзіңізбен көріп-бағалағаныңыз жөн болар. Ендеше, «Театрда жолығайық!» дегіміз келеді.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button