Музей қызметкерлерінің үлесі
«Таза Қазақстан» акциясына облыстық Әлия Молдағұлованың мемориалды музейінің қызметкерлері де біркісідей атсалысты.
Олар ертемен Әлияның Ақтөбе қаласы ағайынды Жұбановтар көшесі мен Әлия Молдағұлова даңғылының қиылысында орнатылған мемориалдық ескерткіш-кешені маңына жиналып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Музей қызметкерлері Батыр қыздың ескерткіші мен жанындағы барельефтін, алдындағы гранит тастарын жуып, кешен маңын сыпырып, қоқыстан тазартты.
— Ұжымға Әлия Молдағұлованың мемориалдық ескерткіш-кешені маңын тазарту бекітілгеніне өте қуаныштымыз. Тазалық жұмыстарына музейдің барлық қызметкерлері қатысуда. Бүгін мәдениет саласындағы әріптестеріміздің барлығы «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барша ақтөбелікті қала тазалығына үлес қосуға шақырамыз, — деді музей директоры Жанар Мақсұтова.
Айта кетейік, ақтөбеліктер қаладағы ескерткіштер маңына тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде облыста мемлекеттік тізімге енгізілген 872 ескерткіш бар (республикалық маңызы бар – 9, жергілікті маңызы бар – 863).
Ақерке САТЫБАЛДЫ.