Жаңалықтар

Мәдениет қызметкерлерінің тартуы

1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекеме қызметкерлері сенбілікке шығып, ағаш көшеттерін екті. Ақтөбе қаласының 155 жылдығы аясында ұйымдастырылған тазалық акциясы «Туған қалама тарту» деп аталады.

— Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай 1-30 мамыр аралығында әртүрлі іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Соның бірі — бүгінгі тазалық акциясы. Акция аясында мәдениет үйлерінің, кітапханалардың маңы тазартылып, ағаштарды әктейді. Сондай-ақ ағаш көшеттерін егеміз. Бұның өзге сенбіліктерден ерекшелігі — біздің бөлімге қарасты мәдениет үйлері мен кітапханалардың әрқайсысы 155 түп көшеттен егеді және алдағы уақытта жасыл желектің өсіп-жетіліп кетуін өз міндеттеріне алады, — деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлжайна Бисенғалиева.
Өз сөзінде бөлім басшысы ақтөбелік өнер және мәдениет қызметкерлерінің бес аптаға созылатын республикалық «Таза Қазақстан» акциясына да белсенді түрде қатысып жатқандығын айтты.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button