Жаңалықтар

Бауырластар зираты аумағында сенбілік өтті

Облыстық үкіметтік емес ұйым өкілдері, жастар және М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Ақтөбе қаласындағы Бауырластар зиратының маңын тазалады.
Акция қатысушылары қорым айналасындағы арамшөптерді жұлып, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинады.

— Біз бұл маңға жыл сайын 9 мамыр қарсаңында міндетті түрде келіп, сенбілік ұйымдастырамыз. Кейін Жеңіс күні өткендерді еске алып, гүл шоқтарын қоямыз. Бұл жолы қатарымызға заң институтының ұжымы мен жастар қосылды. Барлығына жасап жатқан қызметтері үшін алғысымды білдіремін, — деді «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық қорының басшысы Гумер Галеев.
Айта кетейік, Ақтөбедегі Бауырластар зиратында соғыс жылдары жараланып, ақтөбелік ауруханаларда көз жұмған 300-ге жуық кеңес жауынгері жерлерген.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button