Денсаулық

Еркін таңдау және бекіту

Тұрғындар назарына

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу аясында осы жылдың 1-30 қараша аралығында облыс және Ақтөбе қаласы бойынша дәрігерді еркін таңдау құқығы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына тұрғындарды бекіту науқаны басталды.

Осы орайда, келесі ақпаратты ескергендеріңіз жөн:

  1. Бекіту — ол тегін медициналық көмек көрсету шамасы бойынша амбулаторлық-емханалық көмек көрсету және азаматтардың құқықтарын іске асырудағы алғашқы медициниалық-санитарлық көмек беру ұйымдарының міндеттерін тіркеу.
  2. Азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына тіркеу тұрғылықты жері, тұрақты немесе уақытша тұратын жері, жұмыс пен оқу орны, және медициналық ұйымды бос таңдау құқығы бойынша жүзеге асырылады.
  3. Азамат тек бір ғана алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымына бекітіле алады.
  4. Қосымша берілген негізгі Ережелерге қосымша №57 нысанға сәйкес медициналық ұйымның бекіткіш талоны азаматты алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымына бекіту құжаты болып есептеледі (әрі қарай талон).
  5. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымына тіркелу үшін азаматтар келесі құжаттарды тапсырады: өтініш, жеке төлқұжат (паспорт, туу куәлігі) немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелер. Бекітілген жерді өзгерткен жағдайда бұрын тіркелген орынның қосымша талонының жыртылмалы түбіртегін ұсынуы қажет.
  6. Көмек көрсету ұйымдары учаске тұрғындары санының нормативтерінен асып кету жағдайларынан басқа азаматтарға тіркелуде қабылдамауға құқығы жоқ. Мұндай жағдайларда азаматтарды басқа көмек көрсету ұйымдарына медициналық ұйымды бос таңдау құқығы бойынша тіркейді.
  7. Азаматтарды көмек көрсету ұйымдарына тіркеуді өзгерту келесі жағдайларда жасалады: тұрғылықты жерін өзгерткенін растайтын, тұрақты немесе уақытша тұру, жұмыс жасайтындығы немесе оқу оқитындығы және амбулаторлық-емханалық ұйымның қайта құрылу немесе таратылу  құжаттарының шектеуі болмағанда; жылына бір реттен кем емес азаматтардың медициналық ұйымды бос таңдауы.
  8. Тіркелуін өзгерткен жағдайда талон көмек көрсету ұйымында сақталады, ал азаматқа оның жыртылмалы түбіртегі беріледі.
  9. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымына бекітілген азаматтың таңдауы бойынша аталмыш ұйымның маманы үйде қарауы алдын ала келісіліп, талонда көрсетіледі.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету көрсететін ұйымдардың мекен-жайы:

№1 қалалық емхана, Маресьев көшесі,  1 б үй.

№2 қалалық емхана, Ахтанов көшесі,  50-үй.

№3 қалалық емхана, Әбілқайыр хан даңғылы, 87-үй.

№4 қалалық емхана, ағайынды Жұбановтар көшесі, 293-үй.

Отбасы медициналық клиникасы, Маресьев көшесі, 76 а үй.

«Жол-көлік медицина қызметі» бірлескен акционерлік қоғамының Ақтөбе филиалы, Садовый көшесі, 36-үй.

Қарғалы қалалық ауруханасы,  Қарғалы ауылы, Кургулов көшесі, 7-үй

«Медикус центр» МҰ, Қарғалы ауылы.

Ақтөбе облыстық клиникалық-диагностикалық орталығы, Бөкенбай батыр көшесі, 50-үй.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button