Ауыл

Көршілер көмегі —ауызсу, түлектер тартуы — газ

Ойылда 1983 жылы туған азаматтар Асыл Туленованың үйіне газ кіргізіп берді. Асылдың 3 баласы бар. Жолдасы өткен жылы қайтыс болған. Қазіргі Ж.Жүсібалиев атындағы орта мектептің 2000 жылғы «В» сыныбының түлектері ақша жинап құжатқа, қажетті материалдарға кететін барлық шығынды өздері көтерді.  Сыныптастар бір күнде жиналып, газ құбырын тарту жұмыстарын жүргізді.  Құбырдың ұзындығы — 60 метр.  Қазір үй иесі көгілдір отынның игілігін көріп отыр.

— Биыл мектеп бітіргенімізге 20 жыл толды. Бәріміз бірауыздан туған жерге тартуымызды осындай қайырымды іспен жасауды жөн көрдік. Әрі биыл 37 мүшел жасымыз. Осыған орай бір отбасын болса да қуантып, алғысын алғанымызға ризамыз, — дейді түлектердің атынан сөйлеген Қанат Ермағамбетов.

Бұдан бұрын  Асылдың үйіне көршілері ауызсу кіргізіп берген.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button