Абай — 175

Жатқа оқылған жырлар

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай онлайн түрінде «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты әдеби кеш өткізді.

Шара барысында ұлы ақынның өмірбаяны мен асыл мұрасы, сонымен қатар халқының жағдайына бейжай қарамаған, әділдікті ар тұтқан  дара ақынның өміріндегі кейбір қызықты оқиғалар айтылды. Кітапханамыздың белсенді оқырмандары Нұршат Жайлыбаева ақынның бірінші қарасөзін, Ербол Смағұлов «Сенбе жұртқа тұрса да, қанша мақтап», Құралай Жәңгірхан «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» атты  өлеңдерін жатқа оқыды. Артына өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақынның шығармаларын осындай кейінгі толқын көкірегіне тоқып, көңілдеріне  шамшырақ етіп жағып, мәнеріне келтіріп оқып жатқанда, қалың елі, қазағы, қайран жұрты тұрғанда, хакім Абайдың асыл мұрасы ешқашан өшпейді.

Қазіргі кезде  Абай шығармалары тек қазақ халқының  әдебиетінен ғана емес, әлем әдебиетінің төрінен орын алып, рухани игілікке айналды.

 Сандуғаш СҮНДЕТАЛИНА,

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының кітапханашысы.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button