Абай — 175

Айша – «Абай мұрасының» жеңімпазы

Республикалық «Алтын ғасыр» шығармашылық орталығы еліміздегі балалар мен жасөспірімдер арасында «Абай мұрасы» атты онлайн байқау ұйымдастырған болатын. Соған қатысқан Қандыағаш қаласындағы №4 орта мектептің оқушысы Айша Айзақ «Көркем сөз» жанры бойынша жеңімпаз атанды.

Аталған байқаудың шарттарына сәйкес Ұлы Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін мәнерлеп, жатқа оқып, бейнетаспаға түсіріп ұйымдастырушыларға жолдаған. Көркем сөз оқудан топ жарған Айша Айзаққа аудандық балалар кітапханасының директоры Гүлнара Жаңабергенова жетекшілік етіпті. А.Құнанбаевтың шығармаларын жатқа оқитын Айша Айзақ — аудандық орталық балалар кітапханасының белсенді оқырманы, «Жауқазын» жас әдебиетшілер клубының мүшесі.

 Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ,

Қандыағаш қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button