Абай — 175

Ақылайдың жүлдесі

Ақын Абайды насихаттап, өлеңдерін жатқа оқитын кітапханашы Ақылай Тілек облыстық «Абай оқулары-2020» онлайн байқауына қатысып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған байқауды Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырды. Байқауға облыс бойынша мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мәдениет қызметкерлері қатысты. Аталған байқауға аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Ақылай Тілек қатысып, «Жатсам орным қара жер сыз болмай ма?» атты өлеңін жатқа оқып, бейнетаспаға түсіріп жолдаған. Облыстың мәдениет қызметкерлері арасынан үздік шыққан Ақылай Еренқызы жүлделі орынға ие болып, арнайы дипломмен марапатталды.

 Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button