Абай — 175

Белсенді оқырмандар марапатталды

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы ұжымы қазақтың бас ақыны, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мәдени іс-шараларға атсалысып, хакім Абайдың рухани мол мұрасын насихаттауға өз үлесін қосып жүрген ең белсенді оқырмандарын марапаттады.

Кітапхана директоры Б.Қошабаева өршіл рухты ақынның шығармашылығын насихаттауда белсенділік танытқан жастарға, зиялы қауым өкілдеріне алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Содан соң кітапхана оқырмандарына құрмет көрсетілді. Марапатталғандардың қатарында «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мониторинг топ мүшесі  Әсел Мұстафина, білім саласының қызметкері Жайнагүл Нағиқызы, «Тандем» радиосының тілшісі Айсын Байтақова, ҚР мәдениет саласының үздігі Жұлдыз Нұрқасымова, жас ақын, «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының әрі «Рухнама» шығармашылық орталығының мүшесі Ерсұлтан Шығанақ және басқалары бар.

Шара соңында белсенді оқырмандар кітапхана қызметкерлерімен естелік суретке түсіп, алдағы уақытта да тығыз байланыста жұмыс жасайтындықтарын айтты.

Арайлым НҰРБАЕВА.   

Басқа жаңалықтар

Back to top button