Абай — 175

Ұлт айнасы

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Ақтөбе қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №2 А.Пушкин атындағы қалалық кітапханада «Абай рухы — қазағымның жүрегі» атты тұрақты кітап көрмесі жасақталды.

Шараның мақсаты — Абай өлеңдерін насихаттай отырып, оқырмандардың  өлеңге  деген  қызығушылықтарын  арттыру.

Кітап көрмесінде Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер және ақынның кітаптары, сондай-ақ биыл «Бір ел — бір кітап» акциясына алынып отырған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы қойылды.

Сонымен қатар кітапхананың әлеуметтік желісінде оқырмандардың қатысуымен «Көркем сөздің асылы — поэзия» атты Абай өлеңдерін оқу челленджі жарияланды.  Әдемі Айнаш, Ақкүл Рзағазиева, Жанерке Махсұтбаева, басқа да жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері Абай өлеңдерін  оқыды.

Абай шығармашылығы адамзатқа арналған рухани азық. Дін мен дүниетаным, рух пен мінез, тұрмыс пен тіршілік, болмыс пен бітім, тіл мен діл тақырыптарындағы шығармалары арқылы өскелең ұрпақ таусылмас тәлім-тәрбие алары сөзсіз.

Дәмегүл АЙНАШ,

№2 А.Пушкин атындағы қалалық кітапханасының кітапханашысы.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button