Абай — 175

Ой алыбы және онлайн шаралар

Еліміздегі болып жатқан төтенше жағдайға қарамастан, аудандық орталық кітапхананың ұжымы жыл басынан бері көптеген мәдени шаралар ұйымдастырып келеді. Олар қашықтан жұмыс жасап, әлеуметтік желілер арқылы 50-ден астам онлайн шаралар мен байқаулар, челлендждер ұйымдастырды.

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған республикалық «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында «Абай — қазақтың бас ақыны», «Абайдың қанатты сөздері», «Адамзаттың алыбы — ұлы Абай», «Өлең — сөздің патшасы», «Абай — дана, Абай — дара», т.б. көптеген кітапханалық сағаттар мен кітап көрмелері, «Абай өлеңдері балалар көзімен», «Абай өлеңдерін оқы», «Абайдың қаламы», «Абай — біртұтас әлем», т.б көптеген аудандық байқаулар өткізілді.

— NurOtan партиясы Мұғалжар аудандық филиалымен бірлесе отырып, қалалық, ауылдық орта мектеп оқушыларымен, колледж студенттерімен, Ардагерлер үйіне келушілермен тақырыптық кештер, ойындар, тренинг-сабақтар, дөңгелек үстелдер, кітап көрмелері ұйымдастырылады. Өткізілген шаралар туралы ақпарат аудандық кітапхананың әлеуметтік парақшаларында жарияланып отырады, — дейді Мұғалжар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Әлия Салқымбаева.

 Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button