Денсаулық

Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 10 жағдай тіркелді

(2020 жылғы 5-тамыздағы мәлімет бойынша)

05.08.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 11 жағдай тіркелді. Оның 10-ның клиникалық симптомдары бар, ал 1-і – симптомсыз ауру.

Диагностикалық  ПТР зерттеулерінің қорытындылары 1994, 1980, 1944, 1964, 1996, 1999, 1977 жылғы 7 әйел адамға, 3 ер адамға – 1938, 1970, 1967 жылғы азаматтарға COVID-19 диагнозы қойылған. Науқастардың біреуі – Ырғыз ауданынан, қалғанының барлығы – Ақтөбе қаласының тұрғындары.

5 пациент ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгіну кезінде COVID-19-ға тексерілген, 5 адамда эпидемиологиялық көрсеткіш   бойынша тестілеу кезінде қауіпті індет анықталған.

Қазіргі уақытта пациенттер инфекциялық ауруханаға оқшауландырылды, науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдауда.

Олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

05.08.2020 ж. жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 3083 адам(1511 – симптомды, 1572 – симптомсыз) тіркелген, жазылып шыққаны – 1854 адам.

Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button