Жаңалықтар

Қорда сақталатын көкөністің шығымы қандай?

Өнім

Биыл облыстың тұрақтандыру қорына көкөніс салу үшін 240 миллион теңге қарастырылған. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру жөніндегі комиссия мүшелері егіс алқаптарында болып, ондағы картоп, сәбіз, пияз бен қырыққабаттың шығымын тексерді. 

Биыл «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы аймақтағы үш шаруа қожалығымен фьючерсті келісімшарт жасасқан. Сондай шаруа қожалықтарының бірі  — «Пригородный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталған серіктестік келісімшартқа сәйкес қорға 1450 тонна картоп, 300 тонна пияз, 250 тонна сәбіз бен 150 тонна қырыққабат жеткізбек. Ал «Еламан 2014» және «Болат ЛТД» ЖШС-лары әрқайсысы күзде 200 тоннадан картоп жеткізуі тиіс.
«Пригородный» ЖШСбасшысы Степан Гайдарь комиссия мүшелеріне көкөністі  тамыздың басында жинауға кірісетіндерін айтты. Бүгінде аталған серіктестік иелігіндегі алқапта қырыққабат өскен, енді оны жинау жұмыстары басталмақ.

Биыл судан тапшылық көрген жоқпыз. Ылғал мол, сондықтан өнім шығымы да жақсы болды. Жылдағыдай биыл да біз картоптың «Ромоно» голландиялық түрін ектік,—  деді Степан Гайдарь.
«Еламан 2014» серіктестігі осы жылы картоптың «Королева Анна» сортын еккен. Ал «Болат ЛТД» ЖШС бақшасында «Гала» картобы өсіп жатыр. Бұл шаруашылықтар өнімді күзде жинамақ.

Алқаптарды аралаған комиссия мүшелері тұрақтандыру қорына жеткізілетін көкөністер шығымына байланысты оң қорытынды жасады. Ал өнімсапасы күзде қоймаларға жеткізілген кезде тағы бір мәрте тексерілетін болады.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button