Экономика

Ауыл шаруашылығында оң серпін байқалады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылауға арналған жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, селекторлық режимде қала, аудан әкімдері қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров облыстың 2020 жылдың 6 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Облыс басшылығы пандемияның экономикаға тигізер кері әсерінің алдын алу үшін сауда-саттық саласында бірқатар игі жұмыстарды атқаруды қолға алған. Ол  үшін «Қазына», «Гастроном №1»базарларын іскеқосу, сондай-ақ көтерме-сауда орталығын салу жоспарлануда. Өңірдегі сауданың негізгі бөлігі, яғни 61,7% көтерме сауданың үлесінде. Көтерме сауда көлемі 407,7 миллиард теңге құрайды.

Ауылшаруашылық саласы бойынша облыста оң серпін байқалады, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 98,2 миллиард теңгенің ауылшаруашылық өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 103,2% болды.

Облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин ауыл шаруашылығын дамыту мәселесін көтерді. Саланы дамытуға бағытталған 24 жоба бар. Осы жобаның 6-уы құжатбастылықтың салдарынан алға жылжи алмай отыр. Осы кемшіліктерге қатысты облыс басшысы аудан әкімдеріне ескерту жасады.

— Кәсіпкерлікпен айналысуға ынтасы жоғары азаматтарға қолдау көрсетеміз деп уәдені үйіп-төгесіздер. Шын мәнінде құжат жағынан, ұйымдастыру жағынан көмек көрсетіп жүрген жоқсыздар. Алдағы уақытта тоғыз айдың қорытындысын тыңдайтын уақыт келеді. Сол кезде ауыл шаруашылығын ілгерілете алмаған аудан әкімдері немесе орынбасарлары жауапкершілікке шақырылады, —  деді Оңдасын Оразалин.

Сондай-ақ Аманғали Бердалиннің мәліметінше, облыстағы 30062,9 мың гектар жер қорының 16617,8 мың гектары жер пайдаланушыларға табысталған, 13445,1 мың гектар мемлекеттің босалқы жер қорында тіркелген. Нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай отырған 32243,13 гектар 105 жер учаскесіне тексеру жұмыстары жүргізіліп, 1 жылға нұсқама берілген. 2020 жылдың жеті айында облыс бойынша 22 конкурс өткізіліп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 753,8 мың гектар 518 жер учаскесі айналымға енгізілген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button