Пікір

Түйінді мәселелер айтылды

Әлия ҚАНАТҚЫЗЫ,

Байғанин аудандық жастар орталығының маманы:

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған Үндеуіндегі бастамалар көптің көңілінен шықты. Үндеу халыққа үлкен жігер береді деп ойлаймын.

Ел Президентінің Үндеуінде індетке қарсы күрес жөніндегі көптеген мәселелер туралы жан-жақты қамтылған. Қазіргі күрделі жағдайға байланысты талдау жасалып, кемшіліктер сарапқа салынды. Кінәлілердің анықталып, лайықты жазаланатыны белгілі болды. Құзырлы органдарға атқарылуы тиіс міндеттер  жүктелді. Күн тәртібінде үлкен мәселеге айналған дәрі-дәрмек тапшылығын жою мақсатында нақты тапсырмалар айқындалды. Мемлекет басшысы: «Дәрігерлеріміз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беруі керек. Дертті емдеудің неше түрлі жолдарын көрсетіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайды», — деді. Бұл да қалың жұртшылықтың көңілінен шығатын сөз. Расында, емдеу шаралары әр науқастың денсаулығына қарай жасалуы тиіс. Үндеуде халықтың көкейінде жүрген көп сауалға жауап айтылды.

Індетті жеңуде адамдардың өзін-өзі оқшаулауы, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінулері үлкен рөл атқарады.

Қазір аурудың салдарынан біраз адам көз жұмды. Бұл — үлкен трагедия. Үндеуде Мемлекет басшысы қайғы жамылған отбасыларға көңіл айтты. 13 шілде Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл да елдің көңіліне демеу.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button