Ауыл

Үш жылдан бергі үлгі

Туған жерге тағзым

Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылдық округінің патриоттары «Туған жерге тағзым» акциясы барысында үш жыл қатарынан біршама жұмыстар атқарып жүр.

2018 жылы «AltynEx Companu» АҚ, «Жантемір» шаруа қожалығы, жеке кәсіпкерлер, мектеп түлектері, балабақша демеушілерінің қолдауымен «Балапан» балабақшасына газ тартылды, спорттық ойын алаңы салынды, «Шапағат» балабақшасының жылу жүйесі жөндеуден өтті. Қайыңды және Алтынды мектеп түлектері, балабақша демеушілерінің көмегімен мектеп пен балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жиһаз, спорт құралдары, компьютерлер сатып алынды. Осы жұмыстардың барлығына 22 миллионнан астам қаражат жұмсалды.

2019 жылы Алтынды ауылының төрт көшесі жөнделіп, «Туған жерім — Қайыңды»  шағын сәулет нысаны бой көтерді. Қайыңды орта мектебінің түлектері Е.Қожахметов және  Б.Мырзабековтің қолдауымен оқу кабинеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар сатып алынды. «AltynEx Companu» АҚ, жеке кәсіпкерлер, мектеп түлектері мен балабақша  демеушілерінен жиналған 10 225000 теңге осындай шаруаларға жіберілді.

Биыл да акция өз жалғасын тауып, «Балапан»  бөбекжай-бақшасының ауласы қоршалды, қоршауға демеушілер тарапынан 2 000 000 теңге тауып берілді.   Жуырда  есептік кездесуде қойған мәселені шешу мақсатында «AltynEx Companu» АҚ бастамасымен Алтынды ауылының бес көшесіне жөңдеу жұмыстары жүргізілуде.

Ғалым ДӘРІМБЕТОВ,

Қайыңды ауылдық округінің әкімі.

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button