Денсаулық

Ақтөбе облысы аумағында қатаң шектеу және карантиндік шараларын енгізу туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ»

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

04.07.2020 ж.

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе облысы аумағында қатаң шектеу және карантиндік шараларын енгізу туралы

Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбекқызы, Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі – COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында, «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және  «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2020 жылғы 05 шілде сағат 00:00 бастап 14 күнге қатаң шектеу және карантин шараларын енгізілсін.

2. Осы кезең ішінде аурушаңдық динамикасы нашарлаған жағдайда Ақтөбе облысында қосымша қатаң шектеу шараларын енгізілсін.

3. Ақтөбе облысының аудан және қала әкімдері, тұрғындары қамтамасыз етсін:

3.1. Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынуын;

3.2. Карантин режимін, шектеу және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақталуын;

3.3. Қала бойынша, оның ішінде саябақтарда, скверлерде серуендеу уақыты бойынша үш адамнан аспайтын халықтың орын ауыстыруын шектеуді;

3.4. 65 жастан асқан адамдардың қозғалысын шектеуді.

4. Аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдеріне, мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілеріне:

4.1. Ақтөбе облысының аудандары арасындағы автобус қатынасын тоқтату;

4.2. Қоғамдық көліктің 50%-дан аспайтын толуымен, қозғалыстың біркелкі кестесімен, қоғамдық көліктің (автобустардың, шағын автобустардың және басқалардың) желіге барынша шығуымен, қалаларда қоғамдық көліктің жұмыс режимін сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін.

4.3. Қызметке тыйым салу:

– сауда-ойын-сауық орталықтары;

– сауда үйлері, орталықтар, сауда желілері, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерінен, дүкендер мен дәріханаларды қоспағанда (тапсырыстарды клиентке жеткізу арқылы азық-түлік емес тауарларды сатуға жол беріледі);

– ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг-орталықтар, кальян, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалары);

– кинотеатрлар;

– балаларды сауықтыру лагерлері;

– мектепке дейінгі балалар мекемелері, балардың түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, балалар дамыту орталықтары, үйірмелер, балалар мен ересектерге арналған курстар;

– фудкорттар;

– банкет залы;

– сұлулық салондары, шаштараз, маникюр және педикюр кабинеттері;

– спорт және жаттығу залдары, фитнес-орталықтар;

– бассейндер;

– монша, сауна;

– спа-орталықтар, массаж кабинеттері;

– мал азығын сатын, автомобиль, коммуналдық шағын базарларды, ашық алаңдарда көкөністер мен жемістерді сататын көтерме базарларды, ауыл шаруашылық жәрменкелерді қоспағанда, базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес);

– қалалық жағажайлар, аквапарктер;

– діни нысандар (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.);

– мәдениет нысандары;

– мұражайлар, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар.

4.4. Жұмыс режимін шектеу:

– азық-түлікті сататын сауда желілері, азық-түлік дүкендері күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін және жабылғаннан кейін жууды, дезинфекциялауды жүргізеді;

– мал азығын сататын, автомобиль, коммуналдық шағын базарлар, ашық алаңдарда көкөністер мен жемістерді сататын көтерме базарлар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін және әр аптаның дүйсенбісінде дезинфекциялық қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдармен жуу, дезинфекция жүргізу үшін санитарлық күнге жабылады;

– ХҚКО алдын ала брондау бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін;

– екінші деңгейдегі банктер сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін;

– «Қазпочта» АҚ сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін, онлайн форматта қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда.

– бизнес-орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг, жылжымайтын мүлік агенттігі, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т. б.), айырбастау пункттері, ломбардтар, букмекер кеңселері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін;

– халыққа қызмет көрсету объектілері (Автожуу, автомобильдерді жөндеу, тұрмыстық техниканы жөндеу, баспаханалар) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.

4.5. Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), офистердің, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80% – ы үшін қашықтан жұмыс нысанын сақтау.

4.6. Қоғамдық тамақтану объектілері ұжымдық іс-шараларды өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орынмен тек ашық ауада, сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс жасауға рұқсат етіледі.

4.7. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда келесідей қызметке рұқсат етіледі:

– облыстың тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындары мен қызметтері;

– үздіксіз өндірістік циклі бар құрылыс, өнеркәсіптік кәсіпорындар;

– ашық ауадағы құрылыс жұмыстары;

– ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы;

– халыққа қызмет көрсету (автожуу, автокөліктерді жөндеу, тұрмыстық техниканы жөндеу, баспахана).

  1. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы қамтамасыз етсін:

5.1. БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы қатаң шектеу және карантиндік шараларды енгізу туралы халықты жаппай хабардар етуді;

5.2. Өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыруды.

6. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

7. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                            Н.А. Беркімбаева

 

 

Ақтөбе облысының Бас

Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 4 маусымдағы

№ ПГСВ-42 қаулысына

қосымша

 Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі

  1. «Ақтөбе облысындағы коронавирус инфекциясы бойынша әрі қарай жүргізілетін шектеу шаралары және Ақтөбе қаласындағы карантин режимі туралы» Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы №ПГСВ-26 қаулысы;
  2. «Ақтөбе облысындағы коронавирус инфекциясы бойынша әрі қарай жүргізілетін шектеу шаралары және Ақтөбе қаласындағы карантин режимі туралы» Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 мамырдағы №ПГСВ-27 қаулысы;
  3. «Ақтөбе облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 мамырдағы №ПГСВ-28 қаулысы;
  4. «Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 26.05.2020 жылғы №ПГСВ-28 қаулысына өзгерістер енгізу туралы және Ақтөбе облысы тұрғындары арасында COVID-19 ауруын алдын алу бойынша шектеу шаралары жөніндегі» Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 31 мамырдағы №ПГСВ-30 қаулысы;
  5. «Ақтөбе облысының аумағында шектеу шараларын күшейту туралы» Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 12 маусымдағы №ПГСВ-33 қаулысы;
  6. «Ақтөбе облысының аумағында шектеу шараларын күшейту туралы» Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 12 маусымдағы №33 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 маусымдағы №ПГСВ-34 қаулысы;
  7. «Ақтөбе облысының аумағында шектеу шараларын күшейту туралы» Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 12 маусымдағы №33 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 17 маусымдағы №ПГСВ-36 қаулысы;
  8. «Кейбір шектеу іс-шаралары туралы» Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №ПГСВ-38 қаулысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button