Денсаулық

Полицейлер қан тапсырды

Атаулы күн

11 маусым —  Халықаралық донор күні.

Осыған орай Қызыл ай қоғамының облыстық филиалы мен облыстық қан орталығы «Донор бол және өз өміріңді сақта!» шарасын ұйымдастырды. Шара облыстық полиция департаментінде өтті.

Қан тапсыруға департаменттің жеке құрамы мен әр бөлімшеден елуден астам полиция қызметкері келді. Ерікті түрде донор болды. Олардың қатарында ұзақ жылдардан бері донор болып келе жатқан  қызметкерлер де бар. Мәселен, әкімшілік полиция басқармасының басшысы Ерлан Әлимағамбетов он жылдан бері тұрақты түрде  қан тапсырады.

— Менің қан тобым өте сирек кездеседі, яғни 2 резус-теріс. Жылына екі рет қан тапсырамын. Жиі қоңырау шалып, көмектесуімді өтінетіндер бар, — дейді донор.

Облыстық полиция департаменті кадр саясаты басқармасының бастығы Жақсылық Нысаналиннің айтуынша, бұндай шараға қызметкерлер белсенді түрде қатысады.

— Полиция жұмысы күн сайын қауіп-қатермен байланысты, сондықтан да құқық қорғау органдарының қызметкерлері дертке  тап болған адамдарға уақытында көмек көрсетудің қаншалықты маңызды екенін басқалардан жақсы біледі. Полиция қызметкерлері арасында ерікті донорлар саны жыл сайын артып келеді, — дейді Ж.Нысаналин.

Жалпы бұндай шара департаментте жиі ұйымдастырылып тұрады.

К. ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button