Тарих

Ақтөбеде 6745 адам қуғын-сүргінге ұшырады

31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Облыстық тарихи-өлкетану музейі қорларды ғылыми-зерттеу бөлімінен алынған мәлімет бойынша, Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылдың 14 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқармасы 1930-1950 жылдарда заңсыз қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша жұмыс жүргізген. Осыған байланысты көрсетілген жылдарда аймақта қылмыстық жазаға 6745 адам тартылған, оның 1615-і ату жазасына кесілгені анықталды. Ақталғандар саны — 6432.

1996 жылы басқармағарепрессия құрбандары ұрпақтарынан 71 арыз  түскен. Архивтік құжаттарда қуғын-сүргінге түрлі әлеуметтік сала мен маман иелері ұшыраған, соның ішінде ату жазасына кесілгендер:

  • колхоз, ауылшаруашылық артельдерін басқарған 98 адам;
  • қарапайым колхоз шаруаларынан 215 адам;
  • құқыққорғау органдары, сот, банк, байланыс, сауда, мәдениет салаларынан 49 адам.

1997 жылы жарық көрген «Қуғын-сүргін құрбандары» атты үш томдық кітаптағы мәліметтерде Ақтөбе қаласы бойынша 1340 адам, Шалқар ауданында — 555, Табын ауданында (қазіргі Байғанин) — 465, Темірде — 388, Ойылда— 260, Ырғызда — 236, жалпы облыс бойынша 6400 адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Ақтөбе облысы бойынша 156 «халық жауларының» әйелдері ұсталды, олардың жалпы саны 562баласы мен қолында тәрбиеленіп отырған 15 жасқа толмаған бауырлары түрлі концлагерлерге, НКВД балалар үйлеріне жіберілген.

 

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button