Денсаулық

Тұмауға қарсы егілу басталады

Облыста тұмау және жіті респираторлық жұқпалардың алдын алу мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда. Яғни, аурудың өршитін кезінде медициналық және мектепке дейінгі мекемелер сақтық шараларын жүргізеді. Мәселен, қазір стационарлық емдеу мекемелерінде жұқпадан сақтану мақсатында карантин енгізілді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі биылғы жылы тұмауға қарсы вакцина сатып алуға  жергілікті бюджеттен  31 418 252 теңге бөлінгенін мәлімдеді. Бөлінген қаржыға 17 474 доза вакцина сатып алынған. Нидерланд елінде  жасалған «Инфлювак» вакцинасы бірінші кезекте қоғамның әлсіз топ өкілдерін иммундауға жұмсалады. Яғни, балалар үйі, мектеп-интернат тәрбиеленушілері мен қарттар үйіндегі адамдар және медицина қызметкерлері ақысыз түрде егіледі. Егу жұмыстары 1 қазаннан бастап 15   қарашаға дейін жалғасады.

Сондай-ақ осы кезеңнен бастап қаланың барлық емханаларында халыққа ақылы түрде вакцинация  жүргізіледі.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button