Экономика

Ақтөбенің автокөлік жолдарын жөндеуге — 55,9 млрд теңге

Брифинг

Өткен жылы Ақтөбенің жол инфрақұрылымын дамыту бойынша қандай жұмыстар жасалды? Осы және биылғы жоспарлар жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында журналистер алдында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашов есеп берді.

— Өткен жылы облыстың автожол саласын дамытуға 19,7 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржыға 347,1 шақырым жол жөнделді. Оның 284,9 шақырымы — облыстық және жергілікті маңызы бар, ал 62,2 шақырымы — аудандар мен қалалардың жолдары.

Биыл 636 шақырым жолды 55,9 миллиард теңгеге  жөндеу жоспарланып отыр.  Оның ішінде жергілікті маңызы бар 480 шақырым жол 23 миллиард теңгеге және құрылысы 2017 жылы басталған республикалық маңызы бар 156 шақырымдық Ақтөбе-Атырау жолы 32,9 миллиард теңгеге жөнделеді, — деді ол.

Сондай-ақ Мәлімбет Ибрашовтың айтуынша, Ақтөбеде 23 жоба жүзеге асырылып, 27 шақырым автокөлік жолы жөнделетін болады.

— Осы жылы Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы мен Сельмаш шағын ауданындағы өтпе жолды жаңғырту жұмыстарын аяқтап, Ақтөбе-Орск жолының 8-16 шақырымын жаңғырту, Ойыл-Қараой, Шалқар-Бозой және тағы да басқа жол учаскелерін орташа жөндеу жоспарланып отыр,— деп атап өтті облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button